• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:21:45
+12°

Жаңа жыл қарсаңында медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалының қызметкерлері ЛА-155/4 әйелдер колониясында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді құттықтады.

Жауғашты ауылындағы колония – сәбилер үйі бар бірден-бір түзеу мекемесі. Сондықтан тағдыр тәлкегіне түсіп, істі болған, емізулі немесе кішкентай баласы бар әйелдер осында жөнелтіледі. Түрме басшылығының айтуынша, сот жүйесінің ізгілендірілуіне байланысты соңғы жылдары олардың көбі бостандыққа уақытынан бұрын шығуға мүмкіндік алып отыр.

Бүгінгі күні түрме жанындағы сәбилер үйінде 3 жасқа дейінгі 19 бала тәрбиеленіп жатыр. Аналарға уақытының басым бөлігін баланың қасында өткізуге рұқсат етілген.

Жаңа жыл қарсаңында Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы қызметкерлері балаларға ұмытылмас мереке сыйлады.

Балалар да, аналар да Аяз Атамен және Қарша қызбен кездесуге тыңғылықты дайындалыпты. Шебер әйелдер бүлдіршіндерге жаңа жылдық костюмдер тіксе, балалар қонақтарға жаңа жылдық тақпақтарын айтып берді. Қор өкілдері әкелген ойыншықтар, тәтті сыйлықтардың балаларға тамаша көңіл-күй сыйлағаны даусыз.

Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның сөзіне сүйенсек, қайырымдылық шараларының колонияда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін маңызы зор.

– Мұндай акциялар түрмеде тұратын балалардың психикалық көңіл-күйіне, эмоционалдық жағдайына оң ықпал етеді. Сол себепті осындай шараларды мүмкіндігінше көбірек өткізілуі қажет. Біз кішкентай бүлдіршіндерге кішігірім болса да мереке сыйлағанымызға қуаныштымыз. Өйткені жаңа жылды балалар ерекше күтеді емес пе?! – деді Жанар Кенжебаева.

а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір